+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Елші Айымдос Бозжігітов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті

2020 ж. 12 ақпанда «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ (ССЗИ, Институт) Басқарма Төрағасы Елші Айымдос Бозжігітов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер мен Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.
Елші А.Бозжігітов ҚР СІМ өкілдерін Институттың мақсаттарымен, міндеттерімен және тұжырымдамалық негіздерімен таныстырды. 2020 ж. арналған және 2021-2023 жж. жоспарланған зерттеулердің негізгі бағыттарының презентациясы жасалды.
Институт жүргізетін зерттеулер Қазақстан Республикасының сыртқы саяси Тұжырымдамасын жүзеге асыруға, елдің сыртқы саяси күш-жігерін халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін тиісті ұсыныстарды жасауға бағытталған. Әлемдегі жетекші "ғылыми-талдау орталықтармен" және университеттермен ынтымақтастық институттың ішкі әлеуетін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Араларына, Елшілерді қоса Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тәжірибелі қызметкерлері кіретін ССЗИ ғылыми құрамы, таныстырылып өтті.
Өз кезегінде қазақстандық дипломаттар институт жұмысының маңыздылығын және оның жоғары әлеуетін атап өтті және осыған байланысты қосымша зерттеу тақырыптарын енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Елші А.Бозжігітов ССЗИ-дің Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ талдамалық топтармен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде өзара әрекеттесуді қолдауға келісті.

ҚР СІМ ССЗИ