+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Назарбаевтың моделі: стратегиялықынтымақтастықжәнежаһандық диалог" халықаралықғылыми-практикалық онлайн-конференция

Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда Cыртқы саяси зерттеулер институтының "Халықаралық ұйымда және интеграциялық бірлестіктер" бөлімінің басшысы М.Жарбосынова ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасыұйымдастырған "Назарбаевтың моделі: стратегиялық ынтымақтастық және жаһандық диалог" атты халықаралықғылыми-практикалық онлайн-конференциясынақатысты.

Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстанның беделді сарапшылары мен саясаткерлері, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы ЕлбасыныңҚазақстанның көпбағдарлы саясаты аясындағы сыртқы саяси бастамаларын, халықаралық қарым-қатынастардың тұрақсыздығы жағдайындағы ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларын, Қазақстанның антиядролық қозғалысындағы көшбасшылық ету мәселелерін, Қазақстанның түркітілдес елдері арасындағы және еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамаларын және оларды ілгерілету проблемалары мен перспективаларын талқылады.

М.Жарбосынова өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздіктің жаһандық сын-қатерлері мен қауіптерін жұмыла реттеу мен алдыналуға, сондай-ақоларды ҚР сыртқы саяси мекемесінің кезең-кезеңімен жүзеге асыруға бағытталған жаңашыл идеяларының практикалық маңыздылығына баса назар аударды.