"Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің жаһандық сын-қатерлері және ынтымақтастықты нығайту" тақырыбында 20-шы халықаралық ПИР-орталығы (Ресейдің саяси зерттеулері) мектебіне қатысуға конкурстық іріктеу аясында жеңімпаздардың бірі «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Корпоративтік хатшысы Осман Досов болды.
Мектеп Қазақстан, Қырғызстан және Иран азаматтарының қашықтықтан қатысуын қоса алғанда, 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында гибридті форматта өткізіледі.
Бұл алаң қарқынды оқу сабақтарын, оған қатысушылар баяндама жасайтын семинарларды, дөңгелек үстелдерді, пікірталастарды, форсайт-сессияны, тыңдаушылардың білімін тестілеуді қамтиды. Тыңдаушылар жаһандық қауіпсіздік, ұлттық мүдделер және сыртқы саясат, ядролық қаруды таратпау, қару-жарақты бақылау, ядролық энергетика, химиялық және биологиялық қауіп-қатер мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, Еуразия мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік сияқты тақырыптарды талқылауға мүмкіндігі бар.
Анықтама: 1994 жылы thinktank негізі қаланған ПИР-орталығы бүгінде жаһандық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, халықаралық ақпараттық қауіпсіздік және интернетті жаһандық басқару, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеуге мамандандырылған Ресейдегі жетекші үкіметтік емес ұйым болып табылады. 2010 жылдан бастап ЭКОСОС кезінде консультативтік мәртебеге ие.