+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстандағы Үндістанның Елшісімен кездесу туралы

2021 жылғы 19 ақпанда Нұр-Сұлтандағы Үндістан Елшілігінде "ССЗИ" АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Болат Нұрғалиев Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Әңгіме барысында үнді Елшісі және оның әріптестері Институт шешетін міндеттер туралы хабардар болды. Шетелдік «сараптамалық-талдамалық орталықтарымен» тұрақты байланыс орнатуға, соның ішінде бірлескен онлайн семинарлар мен конференциялар өткізу, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізуге дайын екендігі атап өтті.

Елші Үндістанның сыртқы саяси мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әрекеттесуді дамытуға қажетті көмек көрсететіндігін жеткізді. Үндістан Елшілігі ССЗИ-ге үнді авторлары әр жылдары дайындаған жүзден астам ғылыми-аналитикалық және публицистикалық басылымдардың таңдауын ұсынды. Кітаптар Қазақстан Институтының кітапхана қорының бір бөлігі болады.