+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Ғылыми-зерттеу саласындағы әріптестік байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту туралы

Джонс Хопкинс атындағы Орталық Азия мен Кавказ Институтының (ОАКИ) (АҚШ, Мэриленд штаты) ғылыми-зерттеу саласындағы әріптестік байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі арқылы Сыртқы саяси зерттеулер институтына (ССЗИ) Орталық Азия және Кавказ өңірлерінің проблемалары бойынша жарияланымдардың 200-ге жуық данасын сыйға берді. Олардың арасында мемлекетаралық және этносаралық қатынастар, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі қоғамдық-саяси ахуалды дамыту, өңірлік ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері және Орталық Азия интеграциясының перспективалары, өңір мемлекеттерімен стратегиялық диалогты қолдайтын негізгі күш орталықтарының рөлі бойынша соңғы жылдардағы зерттеулер бар.

Жарияланымдардағы маңызды фактологиялық материал ССЗИ сарапшыларының қызметінде пайдасы болады. Институт кітапхана қорын толықтыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлауда.