Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқармасының төрағасы және ШЫҰ-ның 2007-2009 жж. арасындағы Бас хатшысы Болат Нұрғалиев 2021 жылы 24 маусымда басталған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шанхай ынтымақтастық ұйымына 20 жыл: өткенге және болашаққа көзқарас» халықаралық конференциясында онлайн сөз сөйледі. Конференция Қытайдың Халықаралық істер академиясындағы Қытайдың ШЫҰ-ны зерттеу орталығы, Шанхай саяси-заң университеті жанындағы ШЫҰ халықаралық құқықтық оқыту және ынтымақтастық орталығы, Шанхай ғылым академиясы және ШЫҰ хатшылығы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бірлесіп ұйымдастырылуымен өтті.
Конференцияға Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің, Сауда министрлігінің, Шанхай қалалық мэриясының басшыларының өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ қазіргі Бас хатшысы және бұрынғы Бас хатшылары, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден сарапшылар мен ғалымдар, сондай-ақ журналистер қатысты.
(Сөз мәтіні қосымшада).