+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан үшінші сараптамалық пікірталас өтті

2020 жылғы 4 қыркүйекте «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» жанындағы Елбасы Академиясы онлайн-форматта ұйымдастырған «Институционалдық реформалар мен 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүргізу үшін өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдар өкілдерімен үшінші сараптамалық пікірталас өтті. «Ғылым саласындағы саясатты жетілдіру» проблемаларын талқылау шеңберінде: Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметті басқару, ғылым саласындағы саясатты қалыптастыру: елдің негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен корреляция, сондай-ақ ғылым саласындағы саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы: тиімді бірлескен қызмет бойынша проблемалық сұрақтар мен ұсынымдар бойынша презентациялар мен пікір алмасу өткізілді.

Іс-шараға Сыртқы саяси зерттеулер институттан Басқарма төрағасының орынбасары Б.Нұрғалиев қатысты.