Жалпы ақпарат, білімі:
1972 жылы 14 тамызда Шымкент қаласында туылған.
1994 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздік бітірген.
Еңбек жолы: 1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт.
1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.
2000-2007 жж. – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2012-2013 жж. – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалы және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2013-2014 жж. – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2014-2016 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2016-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2022 ж. қаңтар айынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Марапаттары мен шендері:
Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Ағылшын, француз, вьетнам және словак тілдерін меңгерген.
Үйленген, үш баласы бар.