+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ-дегі қазақстандық дипқызмет күні

2021 ж. 2 шілдеде Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күніне орай Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Институт ұжымының үйлесімді жұмысын және еліміздің сыртқы саяси ведомствосының талдамалық қамтамасыз етілуін жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті. Ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлер ССЗИ басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Институт атынан ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелердегі барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!