2021 жылғы 15-16 шілдеде ҚР СIM Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы С.Савельев Халықаралық ғылыми-техникалық орталық пен Британдық верификациялық зерттеу, оқыту және ақпарат орталығымен (VERTIC) бірлесіп ұйымдастырған «Ядролық қарусыздануды тексерудің көпжақты мүмкіндіктерін нығайту» семинарына қатысты.
С.Савельев ядролық қаруды тексеру және бақылау, БН-350 реакторын жабу, сондай-ақ пайдаланылған ядролық отын мен ядролық қалдықтарды сақтау проблемалары туралы пікірталастарда сөз сөйледі.