2021 жылы 23 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институтының халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің меңгерушісі Мәдина Жарбосынова БҰҰ Әйелдер құрылымы және ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік.» тақырыбында өткен Орталық Азия аймақтық кеңес отырысына қатысты. Талқылау гендерлік теңдік пен әйелдердің ілгерілеуі бойынша тәжірибе қоғамдастығының аймақтық виртуалды платформасы аясында ұйымдастырылды, оны құру Қазақстанның бастамасы болды.
М.Жарбосынова өз сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарары бүгінде әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға, оларды жанжалдардың алдын алу және шешу процестеріне белсенді тартуға, шешім қабылдау деңгейінде саяси және экономикалық өмірге қатысуға бағытталғандығымен өзектілігін сақтағанын атап өтті. Кездесу қатысушыларын Қазақстанда 1325 қарарын орындау бойынша практикалық қадамдар туралы хабардар етті.
Диалог барысында азаматтық қоғам өкілдері гендерлік теңдік мәселелері бойынша ұлттық тетіктерді тарта отырып, осы тақырып бойынша өңірлік ынтымақтастықты тұрақты негізде жалғастыруға қызығушылық білдірді.