2026 жылғы 18 қарашада Астанада ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Игорь Молдованмен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар халықаралық жүйенің трансформациялану үрдістері, Қазақстан-Молдова қатынастарының даму перспективалары және екіжақты өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары туралы пікір алмасты.
Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамытуға және Орталық Азия мен Қара теңіз-Дунай өңірі арасындағы көлік байланыстарын нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар осы байланыстарды кеңейту Қазақстан мен Молдова арасындағы саудаға қандай мүмкіндіктер аша алатынын талқылады.
М.Қабазиев Институттың Молдова Республикасындағы бейінді зерттеу орталықтарымен тікелей жұмыс байланыстарын орнатуға мүдделілігін білдірді. Ынтымақтастықтың ықтимал форматтарының ішінде аймақтық ынтымақтастық және көлік байланысы мәселелері бойынша сараптамалық кездесулер мен бірлескен талдамалық зерттеулер қарастырылды.
.jpg)









