2021 жылы 29 қыркүйекте Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы мен Қытай зерттеу орталығы және Қазақстандағы Интернационал ҚҰМК бірлесіп ұйымдастырған "Энергетикалық Жібек жолы: Орталық Азиядағы мұнай-газ ынтымақтастығының қорытындылары мен перспективалары" атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференцияда Қазақстанның, Қытайдың, Өзбекстанның және Қырғызстанның саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары сөз сөйледі. Мұнай-газ секторын дамытудың нәтижелері мен оның Қазақстан экономикасында ролі, Орталық Азия елдерінің шетелдік инвесторлармен ынтымақтастығы, Батыс-Шығыс бағытындағы құбыр коммуникацияларының маңыздылығы, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы энергетикалық Жібек жолы құрылысының перспективалары талқыланды.
М. Қабазиев онлайн конференция тақырыбы бойынша баяндама жасады (баяндама мәтіні қоса беріліп отыр).