+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Шетелдік журналистерінің қатысуымен брифинг өтті

2021 жылғы 11 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің 6-шы жиынына Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Мысыр және Малайзиядан келген бірқатар шетелдік тілшілердің қатысуымен брифинг өтті.

Онда Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев пен Корпоративтік хатшы Алмат Өмірзақ оларды Институттың мақсаттары, миссиясы және міндеттерімен таныстырып, халықаралық күн тәртібіндегі тұрған өзекті мәселелер бойынша жауап берді.

Шетелдік БАҚ өкілдері Азиядағы көпжақты дипломатияның беделді форумына айналған АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары бойынша пікір алмасу мүмкіндігі үшін өз алғыстарын білдірді.

Кездесудің қорытындысы бірқатар шетелдік БАҚ-тарда оң көрініс тапты. Мақалаға сілтеме:

https://www.raya.com/2021/10/12/قطر-مركز-دبلوماسية-العالم-لاستقرار-أف/