+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Virtus Worldwide" Британдық халықаралық компанияның бас директорымен кездесу өтті

2021 жылы 13 қазанда Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев "Virtus Worldwide" стратегиялық коммуникация саласындағы Британдық халықаралық компанияның бас директоры Алекс Клэксонмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М.Қабазиев сұхбаттасушыны Институттың мақсаты, миссиясы және міндеттерімен таныстырды, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық форматтарын зерделеуді ұсынды.

Өз кезегінде, "Virtus Worldwide" компаниясының басшысы шетелдік талдау орталықтары мен университеттермен, сондай-ақ шетелдік БАҚ-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін білдірді.