+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Көші-қон бағыттарында адам саудасына қарсы күрес"

2021 жылы 15 қазанда ССЗИ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық қауымдастықтар бөлімінің бастығы Мәдина Жарбосынова ү. ж. 11-15 қазан аралығында Алматы қаласында ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ҚР ІІМ Алматы академиясы ЕҚЫҰ, БЖКБ офистерінің және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырған "Көші-қон бағыттарында адам саудасына қарсы күрес" ұлттық симуляциялық жаттығулардың жабылу рәсіміне қатысты.

Өз сөзінде Мәдина Жарбосынова Қазақстандағы адам саудасына қатысты жағдайды сипаттап, адам саудасының алдын алу және адамға қарсы осы ауыр қылмыстың құрбандарын қорғау мақсатында азаматтық қоғаммен және халықаралық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен серіктестікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Соңында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Ф.Фробартпен бірге жаттығу қатысушыларына сертификаттар табыс етті.