+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Қазақстан мен Польшаның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы шеңберіндегі ынтымақтастығы"

2021 жылы 28 қазанда Польшаның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы шеңберінде Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының мәселелерін талқылау үшін Польша Халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп ұйымдастырылған вебинар өтті. Өз сөзінде ССЗИ Басқарма Төрағасы, Елші Болат Нұрғалиев ЕҚЫҰ-ға төрағалық ұйымның жауапкершілік кеңістігінде пан-еуропалық қағидаттар мен міндеттемелерді ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар мен басқа да сын-тегеуріндер проблемаларына ерекше назар аударылды.

ССЗИ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің бастығы Мәдина Жарбосынова өз баяндамасын өңірлік сипаттағы мәселелерге, оның ішінде Қазақстан мен Польша төрағалығының ынтымақтастығы шеңберінде шешуге болатын мәселелерге аударды.

Вебинарға Польша СІМ және Қазақстан мен Польша елшіліктерінің дипломаттары қатысты.