+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған онлайн "дөңгелек үстел"

2021 жылы 2 желтоқсанда онлайн режимде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Исламабад саяси зерттеулер институты мен Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына" арналған "дөңгелек үстелге" қатысты.

Қатысушылар қатарында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институты, Әлемдік экономика және саясат институты өкілдері болды. Пәкістан тарапынан Қазақстандағы Пәкістанның Елшісі және бірқатар талдау орталықтарының басшылары сөз сөйледі.

Аталған іс-шара шеңберінде Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Исламабад саяси зерттеулер институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

Б. Нұрғалиевтің сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі.