2022 жылғы 24 қаңтарда Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының магистранттары мен докторанттарының Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевпен онлайн кездесуі өтті. 10 қаңтар мен 28 мамыр аралығында Академия тыңдаушылары Сыртқы саяси зерттеулер институтында онлайн тағылымдамадан өтеді.
М.Қабазиев тыңдаушыларды Институттың негізгі қызметімен таныстырып, халықаралық талдау құрылымдарымен жұмыс істеу мен ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ ССЗИ Қазақстандық халықаралық сарапшылардың біліктілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайындығын атап өтті.