+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасы шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2022 жылғы 21 ақпанда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Елордаға келген шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Біздің еліміздегі қаңтар оқиғаларына халықаралық реакцияға баға берілді.

Кездесуге қатысқан Австрия, Бельгия, Болгария, Испания, Италия, Польша, Португалия, Словакия, Чехия, Эстониядан келген журналистер қалыптасқан төтенше жағдайдың мән-жайын, ел басшылығының жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шараларын бағалау, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық трансформация жөніндегі жоспарларға қатысты көптеген сұрақтар қойды.