Ү.ж, 7 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Гаухар Бейсеева «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысты.
ГФР-дағы ҚР Елшілігі және Конрад Аденауэр атындағы Германия Қоры ұйымдастырған іс-шарада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Әлемдік экономика және саясат институтының, сондай-ақ Германияның Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институтының сарапшылары баяндама жасады.
Талқылау барысында қазақстандық реформалардың жай-күйі мен перспективалары бойынша пікірлер мен бағалаулар алмасылды.