2022 жылғы 13 сәуірде Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстандағы Мажарстан Елшісі Отто Ронамен кездесті.
Кездесу барысында Елші Институт қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. 2021 жылы қол қойылған Венгрияның Сыртқы істер және сауда институтымен Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру бойынша нақты іс-шаралардың егжей-тегжейлері талқыланды.