Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының докторанттарымен кездесті. Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары мен Тәуелсіздіктің 30 жылындағы қазақстандық дипломатияның негізгі жетістіктері туралы әңгімеге Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева да қатысты.
ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Институтта тағылымдамадан өтіп жатқан 2 курс докторанттарының хабарламаларын тыңдап, ғылыми тағылымдамаға кірісетін 1 курс докторанттарының тәжірибелік семинарын өткізді.