2022 жылғы 17 мамырда Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуының 30 жылдығына және ұйымның құрылуының 20 жылдығына арналған ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының қорытындысы бойынша "Қазақстан" ұлттық телевизиялық арнасындағы "Ашық алаң" телебағдарламасына қатысты.
Телебағдарламаға қазақстандық жетекші аналитикалық институттардың басшылары мен сарапшылары қатысты. Олар ҰҚШҰ саммитінде талқыланған халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде Ауғанстандағы ынталы ахуалға назар аударды.