+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

MUSLIM Институтының Төрағасымен кездесу

2022 жылғы 24 мамырда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев және MUSLIM Институтының (Мұсылмандар арасында бірлік, тұрақтылық пен басшылықты дамыту миссиясы) Төрағасы Сұлтан Ахмед Али кездесті. Басқарма Төрағасы пәкістандық саясаткерді Институт қызметінің негізгі бағыттары және жетекші шетелдік, оның ішінде Оңтүстік Азияда орналасқан талдау орталықтарымен ынтымақтастық орнату күш-жігерімен таныстырды.

Әңгіме барысында әлемдегі және өңірдегі саяси және экономикалық ахуалдың мәселелері талқыланды. Пәкістан институтының Төрағасы Орталық Азия республикаларымен саяси-экономикалық байланыстарды дамыту бағаларымен бөлісті.

Кездесуге Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Корпоративтік хатшы Гаухар Бейсеева қатысты. Пәкістан тарапынан MUSLIM Институтының Британ бөлімінің директоры Рао Мұхаммед Әли және Қазақстандағы ПИР Елшілігінің кеңсе басшысы Алтаф Хусейн болды.

Кездесу соңында екі ұйым базасында талдамалық зерттеулер мен бірлескен іс-шараларды жүргізу кезінде тұрақты ынтымақтастықты көздейтін ССЗИ мен MUSLIM Институты арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.