2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде дипломат, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Гүлсім Еңсепованың еліміздің тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Дипломатия дарабоздары» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен ғалымдар, соның ішінде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов қатысты. Сондай-ақ тұсаукесерге Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Манарбек Қабазиев қатысты.
Өз сөзінде М. Қабазиев отандық дипломатиялық қызметтің тарихи жадын сақтау және кәсіби тәжірибені жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Ол кітаптың ғылыми-зерттеушілік және ағартушылық құндылығына тоқталып, дипломаттардың портреттік очерктері арқылы тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына қазақстандық дипломатия өкілдерінің қосқан үлесі көрсетілетінін атап өтті.
ССЗИ атынан Гүлсім Еңсеповаға отандық дипломатияны дамытуға, дипломатиялық қызметтің кәсіби мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы табыс етілді.
Толық материалды El.kz сайтынан оқыңыз:
https://el.kz/tauelsiz-qazaqstannyn-diplomattary-kimder-astanada-zhana-kitaptyn-tusauy-kesildi_400053888/
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)