+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Орталық Азияның ЕО-ның Вышеград төрттігімен өзара іс-қимылы бойынша "дөңгелек үстел"

2022 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтанда Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында Мажарстанның Қазақстандағы Елшілігі мен Cыртқы саяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен "Вышеград тобының аймақтық ынтымақтастық тәжірибесі: Орталық Азияға арналған сабақтар" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті. 2021-2022 жылдары Мажарстан өңірлік бірлестікке төрағалық етеді, оған Польша, Словакия және Чехия да кіреді.

ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев іс-шараға қатысып, Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияның ерекшеліктері және Қазақстанның Еуроодақпен қарым-қатынас орнатудағы тәсілдері туралы баяндама жасады (баяндама мәтіні қоса беріледі).

Кездесу қатысушыларына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Рона құттықтау сөз сөйледі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Анна Борисова, Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрлігінің Сыртқы істер және сауда институтының сарапшылары Ласло Ваша және Питер Штеппер "дөңгелек үстел" тақырыбы бойынша өз презентацияларын ұсынды.