2022 жылғы 9 маусымда Нұр-Сұлтанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Қазақстан және Ресей. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары" атты халықаралық конференция өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Интеграция және сауда министрі Бақыт Сұлтанов пен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук кіріспе сөз сөйледі.
ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев конференцияға қатысып, "Еуразиялық интеграция: болмысы мен болашағы" тақырыбында баяндама жасады (баяндама мәтіні қоса беріледі).
Іс-шараға сондай-ақ қазақстандық және ресейлік жетекші университеттер мен аналитикалық құрылымдардың басшылары мен сарапшылары қатысты.