2022 жылғы 19 маусымда Тегеранда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына ресми сапары барысында ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен ИИР СІМ Халықаралық және саяси зерттеулер институты арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан Меморандумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қол қойды. Ирандық тараптан Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі – Хоссейн Амир Абдоллахианқол қойды.
Бұл Меморандум одан әрі ынтымақтастыққа, өзара ақпарат алмасуға, жобалар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуге, оның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізуге бағытталған.