2022 жылғы 28 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Кабазиев Швейцария гуманитарлық диалог орталығының (HDCenter) Директоры Катя Папагианимен және Еуразия бағдарламасының жетекшісі Клаудио Хабихтпен кездесті.
Кездесу барысында М.Қабазиев сұхбаттасушыларды Институттың мақсаты, миссиясы және міндеттерімен таныстырды, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық форматтарын зерделеуді ұсынды.
Өз кезегінде, Орталық басшысы сыртқы саяси мәселелер бойынша зерттеулер мен түрлі форматтағы халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Институтпен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.