+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі" атты халықаралық конференциясы

2022 жылғы 29-30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған "Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі" атты халықаралық конференциясы өтуде.

Конференцияның күн тәртібі елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне, оның ішінде сауда мен көлік коммуникацияларын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімді байланыс нүктелерін айқындауға, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді шешудің жалпы тәсілін әзірлеуге арналған.

Конференцияда саяси қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан шетелдік талдау институт басшылары мен сарапшылары сөз сөйледі.

Іс-шараға ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Талдау және болжамдау тобының сарапшылары Қайрат Нұртазин мен Гүлден Қасқарбаева қатысты.