2022 жылғы 2 тамызда Институтта Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесті.
Әңгіме барысында Басқарма Төрағасы Елшіні Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесі және «Қытай-Орталық Азия» диалог платформасы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. ҚХР Елшісімен Институттың бейінді Қытай талдау орталықтарымен ынтымақтастығын орнатуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.