+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Әзірбайжанның халықаралық қатынастарды талдау орталығының өкілдерімен кездесу

2022 жылғы 19 тамызда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстан-Әзірбайжан сараптамалық кеңесінің бірінші отырысы өтті, оған ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов қатысты (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі).

Қазақстан-Әзірбайжан сараптамалық кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін Амангелді Тәженов Әзірбайжанның халықаралық қатынастарды талдау орталығының Басқарма төрағасы Фарид Шафиевпен және Орталықтың жетекші кеңесшісі Наги Ахмадовпен кездесті.

Басқарма төрағасының орынбасары сұхбаттасушыларды Институттың миссиясы мен міндеттерімен,атап айтқанда, еліміздің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға байланысты талдамалық зерттеулер жүргізу саласымен таныстырды. Сондай-ақ, халықаралық жағдайдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

ССЗИ мен Әзірбайжанның аталған талдау орталығының өзара іс-қимылы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.