+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Ауғанстан: өңірлік ұжымдық диалог» халықаралық конференциясына қатысу

2022 жылғы 20-21 қыркүйекте Исламабадта «Tabadlab» Пәкістан талдау орталығы Данияның корольдік қорғаныс колледжімен бірлесе отырып ұйымдастырған «Ауғанстан: өңірлік ұжымдық диалог» халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Пәкістан, Австралия, Қытай, Дания, Өзбекстан және Тәжікстан сарапшылары, сондай-ақ Пәкістан Ислам Республикасындағы ауған үкіметінің өкілдері қатысты. Ауғанстанда аймақтық және әлемдік қатынастар жүйесіне интеграциялану жолдарын іздеу мақсатында бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Конференцияға ССЗИ Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев қатысты, ол «Босқындар, трансшекаралық қауымдастықтар және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша панельдік сессияда Ауғанстандағы жалғасып жатқан тұрақсыздықтан туындайтын сын-қатерлер мен қауіптер контекстінде Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік саласындағы ахуал туралы баяндама жасады.