+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Тоғжан Қасенованың қазақ тіліне аударылған «Атом улаған дала» атты кітабының тұсаукесеріне қатысу

2022 жылғы 29 қыркүйекте ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев американдық зерттеуші Тоғжан Қасенованың қазақ тіліндегі «Атом улаған дала» кітабының Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының ұйымдастыруымен өткен тұсаукесеріне қатысты. 

ССЗИ Басқарма Төрағасы ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы өзекті мәселелерді, халықаралық қатынастардағы жанжалды жағдайларды реттеу жөніндегі сындарлы диалогтың маңыздылығын бағалады.

Іс-шараға кітап авторы Т.Қасенова, Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық студенттер мен халықаралық қатынастар мамандары қатысты.