2022 жылы 18 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Астанадағы АҚШ Елшілігі саяси бөлімінің басшысы Дэвид Алленмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азия өңіріндегі және одан тыс жерлердегі ахуалдың даму перспективаларына баға берді, сондай-ақ ССЗИ және АҚШ «ой орталықтарымен» өзара іс-қимылдың өзекті әлеуетін талқылады.