+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«ССЗИ» АҚ корпоративтік хатшысы Гаухар Бейсеева Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының күні және Жаңа Қазақстан құрылысы аясындағы саяси реформалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Ағымдағы жылдың 31 қазаны «ССЗИ» АҚ корпоративтік хатшысы Гаухар Бейсеева Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының күні және Жаңа Қазақстан құрылысы аясындағы саяси реформалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Пәкістандық тараптың назарына Қазақстандағы саяси реформалардың барысы, сондай-ақ заманауи геосаяси контекстіндегі сыртқы саясаттың негізгі аспектілері туралы ақпарат берілді. Пәкістандық сарапшылар Қазақстан Республикасының конституциялық реформалары мен сыртқы саяси күш-жігеріне оң баға берді.

Г. Бейсеева «Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының жағдайы мен болашағы» атты баяндамасында Қазақстанның өңірлік ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қарастырып, Пәкістанның ағымдағы бағдарламалар мен жобаларға екіжақты сондайақ көпжақтық форматтарда  қатысу мүмкіндіктеріне баса назар аударды.