+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Passionare» ғылыми-сараптамалық клубының кезекті отырысы

2022 жылғы 3 қараша күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Passionare» ғылыми-сараптамалық клубының кезекті отырысында қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысумен «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: көпжақты ынтымақтастық және изгі ниет» тақырыбы талқыланды. Іс-шараны ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану кафедрасы ұйымдастырды. Университеттің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ж.Д.Құрманғалиева модератор болды.

Отырыста ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» деген тақырып бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы ҚазСЗИ ғылыми хатшысы А.Назарбетова, ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Я.Н.Лей, ЕҰУ шығыстану факультетінің профессоры С.Төлеубаева, басқа да қазақстандық және шетелдік мамандар баяндама жасады.