2022 жылғы 10 қарашада Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Арменияның Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.
Б.Нұрғалиев Институт қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, шетелдік талдамалық құрылымдармен әріптестік байланыс орнату туралы хабардар етті.
Оңтүстік Кавказдағы жағдайдың даму перспективаларына, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың жай-күйіне қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, ССЗИ мен Арменияның «ой орталықтарымен» өзара іс-қимылдың өзекті әлеуетін талқылады.
Б. Нұрғалиев әңгімелесушіні институт қызметінің негізгі бағыттары мен шетелдік талдамалық құрылымдармен әріптестік байланыс орнату туралы хабардар етті.
Кездесуге Институт Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев пен Армения Елшілігінің консулы Анна Вачян да қатысты.