2026 жылғы 12 қазанда Cыртқы саяси зерттеулер институтында Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Филиппин Республикасы Сыртқы істер департаментінің Азия және Тынық мұхиты өңірі істері жөніндегі Кеңсесінің Директоры Анна Мари К.Сантоспен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан-Филиппин қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл талқыланды. БҰҰ мен АӨСШК қоса алғанда, көпжақты алаңдарда ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы байланыстарды нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын анықтау үшін сараптамалық диалогтың маңызы қарастырылды.
Филиппин тарапының Астанада Филиппин Республикасының Елшілігін ашу жоспарларына ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда болашақ дипломатиялық миссияның орналасуы мен жұмыс істеуіне байланысты ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылады. Елшіліктің ашылуы екі ел арасындағы тікелей байланыстарды нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)