2022 жылдың 30 қарашасында Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев және ССЗИ Талдау және болжамдау тобының қызметкерлері Жоғары экономика мектебі Ұлттық Зерттеу университетінің Ресей ғалымдары делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Оның құрамында ЖЭМ ҰЗУ Тұрақтылық пен тәуекелдерді зерттеу орталығының директоры А.В: Коротаев, ЖЭМ ҰЗУ Тұрақтылық пен тәуекелдерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Л.М. Исаев, ЖЭМ ҰЗУ Шығыстану және африкатану институтының оқытушысы, ХДРУ африкатану және арабтану кафедрасының кіші ғылыми қызметкері М.И. Аскеров болды.
Қазақстандық және ресейлік сарапшылар өздері ұсынатын зерттеу мекемелері қызметінің негізгі салалары туралы ақпаратпен алмасты, Ауғанстаннан шығатын өңірлік қауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдері контекстінде Орталық Азиядағы ахуалдың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзекті тақырыптардың ішінде ислам экстремизмі жайлы атап өтілді.
Екі тарапты да қызықтыратын мәселелерді талқылау үшін тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.