2026 жылғы 11 тамызда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшылары С.Савельев пен Н.Өмірбек Оңтүстік Кореяның Чонбук университетінің профессоры А.Сейфуллинмен кездесті. Кездесу барысында шетелдік өкілге институттың негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат берілді. Қатысушылар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ү.ж. қыркүйегінде өтетін «Орталық Азия-Корея Республикасы» саммитін талқылады.
Кездесуден кейін бірлескен басылымдарды дайындауға және зерттеулер жүргізуге өзара қызығушылық білдірілді.
