+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

АӨСШК ми орталықтары форумының 10-шы отырысына қатысу туралы

2022 жылғы 1 желтоқсанда CСЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев онлайн форматта АӨСШК қызмет атқарған жылдарындағы жетістіктері және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға арналған «Азиядағы турбуленттілік пен трансформация кезеңіндегі орнықты қауіпсіздік: жаңа сын-қатерлер мен пайымдар» атты АӨСШК Талдау орталықтары форумының (ТОФ) 10-шы отырысына қатысты. Отырыс Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы ТОФ-ның қазіргі төрағасы тарапынан ұйымдастырылды.

Б. Нұрғалиев осы форумды құру жөніндегі қазақстандық бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңіне қатысты естеліктерімен бөлісті, ұйымдастырушылық, мазмұндық және тұжырымдамалық мәселелерді шешу тәжірибесі туралы айтып өтті (сөз сөйлеу мәтіні ағылшын тілінде қоса беріледі).