2022 жылғы 13 желтоқсанда ССЗИ Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны ҚР Ұлан-Батырдағы Елшілігі Моңғолияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Моңғол қатынастарының өзекті аспектілері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары мен жолдары талқыланды.