2023 жылғы 28 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Данияр Аймамбетов Астана қаласында өткен «Посткеңестік кеңістіктегі мәдени жанашырлық» және «Қазіргі кезеңдегі Түркия Республикасының сыртқы саяси бағыты» тақырыптары бойынша қазақстандық және ресейлік мамандардың бірлескен талқылауына қатысты.
Іс – шара Ресей халықтар достығы университетінің стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының Директоры Д.Егорченковтың Қазақстанға сапарына орайластырылды және ASMB - Astana School of Management and Business ұйымдастырды.