2023 жылғы 12 қаңтарда Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалығымен өткен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алқа отырысына қатысты.
Алқада ҚР СІМ мен ведомстволық бағынысты мекемелері 2022 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
Б. Нұрғалиев Сыртқы саяси зерттеулер институтының өткен жылғы қызметі туралы есеп және мекеменің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.