Ү.ж. 3 ақпанында ҚР СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Тәженов С.Көшкімбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Казахстан и Центральная Азия между вызовами из прошлого и грядущего» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты.
А. Тәженов өз сөзінде қазіргі халықаралық жағдайларда Орталық Азия тақырыбының өсіп келе жатқан өзектілігін атап өтті. Геосаяси турбуленттілік аясында өңірлік тұрақтылық Орталық Азия елдерінің үдемелі дамуының кепілі болып табылады.
Белгілі қазақстандық саясаттанушы С. Көшкімбаевтың мақалалары мен баяндамаларының жарық көрген жинағы өңірлік өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көзқарастарының қамтылуымен және терең талдануымен құнды.