2023 жылғы 16 ақпанда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» атты тұсаукесер рәсіміне қатысты. Іс-шараға көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, академиялық өкілдері, елордалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Басқа сөз сөйлеушілермен бірге Б.Нұрғалиев 17 жыл бойы профессор М.-А. Сыдықназаров жүргізген, қазақ халқының үзіліссіз мемлекеттілігі фактісінің ғылыми талассыздығын объективті дәлелдейтін зерттеудің іргелі маңызын атап өтті, оның құжаттық растауы XVI ғасырдың ортасында Еуропада басылған карталарда көрсетілген. Қазақстандық дипломаттар мен саясаттанушылар үшін практикалық қызығушылық тудыратындығы, сондай-ақ еліміздің Орталық Азия мен түркі интеграциясын тереңдету жөніндегі бастамаларын ілгерілету үшін елеулі аргументациялық базаны қамтитын жұмыстың геосаяси аспектілері сызып атады.