2023 жылдың 20 ақпанында Қытайда «Бір белдеу - бір жол» атты деректі фильмдер фестивалі басталды. Оны ҚХР СІМ, сондай-ақ Қытайдың мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Қытайдың Медиа корпорациясы өткізуде. Ашылу салтанаты онлайн форматта өтті. Онда әлемнің 40-тан астам елінен 50-ден астам саясаткер, БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар сөз сөйледі.
ССЗИ Басқарма төрағасы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Болат Нұрғалиев «Бір белдеу - бір жол» бастамасын жаңа үлгідегі халықаралық қатынастар құрылысының маңызды бағытын ескеріп, оның болашаққа бағдарланғанын атап өтті. Барлық қатысушылардың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға конструктивтік үлес қосатынына сенім білдірді.
Фестивальдің ашылу салтанатына сондай-ақ, ҚХР СІМ басшысы Цинь Ган, Қытай мәдениет және туризм министрі Ху Хапин, Қытай медиа корпорациясының басшысы Шен Хайсюн және басқалар қатысты.