+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

СИНГАПУРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ТЕРРОРИЗМДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ТАЯУ ШЫҒЫС ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 21 ақпанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев пен Топтың сарапшысы Гүлден Қасқарбаева С.Раджаратнама атындағы Халықаралық зерттеулер мектебі жанындағы Халықаралық саяси зорлық-зомбылық пен терроризмді зерттеу халықаралық орталығының аға сарапшысы Рафаэлло Пантуччи және Сингапур ұлттық университетінің Таяу Шығыс институтының бас ғылыми қызметкері Алессандро Ардуиномен кездесу өткізді.

Сұхбаттасушылар өздерінің зерттеу мекемелері қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйі мен өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелеріне баға берді.